Қамқоршылық кеңесіне кандидаттар » «СШ имени Бегалина»
Абай облысы
Семей қаласы білім бөлімінің
"Бегалин атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесіне кандидаттар
04
октябрь
2023

Қамқоршылық кеңесіне кандидаттар

Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне кандидаттар
комиссияға келесі құжаттарды ұсынады


«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына және оны сайлау тәртібі» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №355 бұйрығына №2 қосымша) негізінде «С. Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Семей қаласы білім бөлімі» ММ қамқоршылық кеңес мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш (еркін нысанда);

2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

4) білімі бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер кәсіби (немесе) әлеуметтік қызмет туралы қосымша ақпарат береді.

Үміткерлердің құжаттарын жарияланған күнінен бастап 20 күн ішінде 2023 жылғы 23 қазанды қоса алғанда, құжаттар пакетінің электронды нұсқасы sh_begalin@mail.ru мекенжайы бойынша қабылданады.